Мақсат Тәйкенов мансабын басқа командада жалғастыруы мүмкін

21.12.2021, 04:56
Қорғаушыға Премьер-лига клубынан ұсыныс түсті.
Мақсат Тәйкенов мансабын басқа командада жалғастыруы мүмкін

Ақтаулық «Каспийдің» футболшысы Мақсат Тәйкенов қарағандылық «Шахтерге» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қорғаушыға Қазақстан кубогінің финалистінен ұсыныс түскен екен.

Тәйкенов Срджан Благоевич жаттықтыратын «Астананың» да трансферлік жоспарында бар, бірақ 24 жастағы футболшы елордалық клубтың басты мақсаты емес.

Өткен маусымда Тәйкенов ҚПЛ-да 24 матч өткізіп, екі нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Финляндиямен болған ойында Қазақстан құрамасындағы дебютін жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×