Қазақстан құрамасында дебюттік матчын өткізген Мақсат Тәйкенов Финляндияға қарсы өткен матч жайлы ойымен бөлісті:
- Ұлттық құрамадағы дебют жасауыңмен құттықтаймын. Жалпы матч қалай өтті?
- Осындай мүмкіндік сыйлаған Талғат Маруаұлы мен көмекшілеріне алғыс айтамын. Алғашқы ойын болған соң 20 минутқа дейін қобалжыдым. Содан кейін кішкене өз-өзіме келіп, жақсы ойын көрсеттім. Қазақстан ұлттық құрамасының жейдесін кию мен үшін үлкен құрмет. Бұл менің бала кезімнен бергі арманым.
- Финляндия құрамасындағы Похьянпало, Пукки секілді шабуылшыларды есептемесек, керемет ойын өрнегін көрсете алмады. Демек, Нұр-Сұлтанда бұл команданы жеңуге болатын секілді.
- Әрине, болады. Финляндия соңғы Еуропа чемпионатында өнер көрсетті, бірақ өте мықты деп айта алмаймын. Мүмкіндіктер бізде де көп болды. Жеңуге болатын еді. Бірақ, өкінішке орай, сәттілік жетіспеді. Қолдап жатқан барша жанкүйерлерге рақмет. Осы қалпымнан таймай, жұмыс істеуімді әрі қарай жалғастыра беремін.
Біздің серіктес: FONBET