«Мақтаарал» клубы «Астананың» 22 жастағы шабуылшысы Рамазан Кәрімовты жалға алды.
Футболшы маусым соңына дейін атакенттік клубтың намысын қорғайды және команда сапында 81 нөмірмен өнер көрсетпек.
Рамазан Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турында «Шахтермен» болған ойында алаңға шығып, дебют жасады.
Рамазан Кәрімов - «Астана» түлегі. 2018 жылы елордалық клубта дебют жасап, содан бері тек 6 матч өткізді. Өткен маусымда шабуылшы «Каспийде» ойнап, 23 матчта 5 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.
Өткен жылдың наурыз айында ойыншы Францияға қарсы матчта Қазақстан құрамасындағы дебюттік ойынын өткізді.
Біздің серіктес: FONBET