Беларусь құрамасының 34 жастағы қорғаушысы Руслан Юденков мансабын «Мақтааралда» жалғастырады.
Келісім-шартқа жақын арада қол қойылады деп күтілуде. Футболшының бір айлық жалақысы шамамен 4,5 мың долларды құрамақ.
Руслан Юденков тек өз елінде, атап айтсақ, «Днепр», «Спартак», «Ведрич-97», «Гомель», «Славия-Мозырь», «Гранит» және «Городея» клубтарында өнер көрсеткен.
Өткен маусымда ол «Гомель» сапында 26 кездесу өткізіп, 1 гол мен 2 нәтижелі пасты өз атына жазды. Сондай-ақ Юденков Беларусь құрамасында 4 матчқа қатысқан.
Біздің серіктес: FONBET