«Мақтаарал» командасы 28 жастағы ивуарлық жартылай қорғаушы Секу Думбиямен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Кот-д'Ивуар елінің өкілі атакенттік клубқа еркін агент ретінде ауысты.
Секу Думбия кәсіби мансабын молдовалық «Сапсан» командасында бастады. Сондай-ақ «Заря», беларусьтік «Слуцк», ресейлік «Армавир», «Тамбов» және израильдік «Хапоэль Хадера» сияқты клубтарда өнер көрсетті.
Ойыншының соңғы клубы «Ордабасы» болды, ол осы жылдың сәуір айынан бері шымкент команда жейлесінде 8 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET