«Мақтаарал» маусым соңына дейін көрермендерсіз ойнайды

08.10.2021, 17:06
ҚКФЛ Бірінші лига клубына осындай жаза тағайындады.
«Мақтаарал» маусым соңына дейін көрермендерсіз ойнайды

«Мақтаарал» футбол клубы маусым соңына дейін өз алаңындағы ойындарды көрермендерсіз өткізеді, деп хабарлайды Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты.

«Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің шешімімен Бірінші лига клубтары арасындағы ҚР Біріншілігі XIX турының «Мақтаарал» - «Окжетпес» ойынының қорытындысы бойынша кездесудің ресми тұлғаларына әдепсіз сөздер айтуына және оларға бөгде заттарды лақтыруына, сонымен қатар жанкүйердің алаңға шығуына байланысты «Мақтаарал» футбол клубына ағымдағы маусымның соңына дейін өз алаңындағы ойындарды көрермендерсіз өткізу туралы санкция салынды», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×