"Мақтаарал" Қазақстан Кубогінің бесінші туры аясында "Атырау" клубымен кездесті. Матч Атакенттегі Алпамыс батыр стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Ойынның небәрі 5-минутында "Мақтааралдың" жартылай қорғаушысы Ерболат Рүстемов алыстан өте жойқын соққы бағыттап, командасын алға шығарды. Ал ойынның аяқталуына екі минут қалғанда Петр Гжельчак баспен гол соқты.
Соңғы үш матчта жеңілмеген "Мақтаарал" 8 ұпаймен В тобында екінші орынға табан тіреді. "Атырау" екі ұпаймен ең соңғы орында қала берді.
Біздің серіктес: FONBET