Молдовалық қорғаушы Артем Розгонюк мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастырады. Нақтырақ айтсақ, 26 жастағы футболшы «Мақтаарал» клубымен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды Moldfootball.com сайты.
Қазір Розгонюк жаңа командасының Анталиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда.
Бұған дейін ол «Шериф», «Сф.Георге», «Петрокуб» және «Сперанца» командаларында өнер көрсеткен. Сондай-ақ Артем Молдова құрамасының жейдесінде 13 матч өткізген.
Transfermarkt порталы ойыншының нарықтағы құнын 225 мың еуроға бағалап отыр.
Біздің серіктес: FONBET