«Мақтаарал» «Қайсардың» тәжірибелі қорғаушысымен толықты

23.01.2022, 23:22
Футболшы соңғы төрт жыл бойы қызылордалық клубта доп тепті.
«Мақтаарал» «Қайсардың» тәжірибелі қорғаушысымен толықты

«Мақтаарал» клубы 32 жастағы қазақстандық қорғаушы Ілияс Әмірсейітовпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Әмірсейітов мансабын 2009 жылы «Сұңқар» сапында бастады, бір жылдан кейін ол алматылық «Қайратқа» ауысты. Одан бөлек, «Спартак Семей», «Қыран», «Жетісу» сияқты клубтарда өнер көрсетті.

Тәжірибелі ойыншы 2017 жылдан бері «Қайсардың» намысын қорғады. Қызылордалық клуб үшін бас-аяғы 126 ойынға қатысты.

Ілияс Премьер-лигада 219 матч өткізіп, 2 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×