«Мақтаарал» Қазақстан кубогін жеңіспен бастады

10.07.2022, 04:06
Атакенттік клуб камбэк жасап, жеңісті жұлып алды.
«Мақтаарал» Қазақстан кубогін жеңіспен бастады

«Мақтаарал» Қазақстан кубогінің алғашқы турында «Ақтөбемен» кездесті. «Түркістан Аренада» өткен матч 3:2 есебімен атакенттік клубтың пайдасына шешілді.

Ойынның 33-минутында Арман Кеңесов есеп ашып еді, жеті минуттан кейін Рамазан Кәрімов жауапты голды соқты. Бірінші таймның қосымша уақытында Виталий Балашов «Ақтөбені» алға шығарды. Бірақ екінші тайм бастала салысымен Алекс Бруно таразы басын теңестірді. Ал 68-минутта Ғалымжан Кенжебек жеңісті голды соқты.

«Мақтаарал» – «Ақтөбе» – 3:2

«Мақтаарал»: Жандар Жанғалиев (қ) – Ерболат Рүстемов, Егор Потапов, Драмане Коне, Диёржон Арипов (к) – Әліби Тұзақбаев, Расамбек Ахматов, Жан Али Пайруз – Алекс Бруно, Биллал Себаихи, Рамазан Кәрімов;

«Ақтөбе»: Саша Стаменкович (қ) (к) – Ескендір Қыбырай, Рустам Темірхан, Йоахим Адукор, Әділхан Тақжарықов – Никита Маляров, Рамазан Оразов, Арман Кеңесов – Виталий Балашов, Максим Самородов, Жерар Гоу;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×