«Мақтаарал» қос шетелдік футболшымен толықты

15.02.2022, 22:32
«Мұнайшылар» Бразилия және Беларусь елінің футболшыларын қатарға қосты
«Мақтаарал» қос шетелдік футболшымен толықты

«Мақтааралдың» баспасөз қызметі екі ойыншымен келісім-шарт жасасқанын хабарлады.

28 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Алекс Бруно кәсіби мансабын Польша чемпионатындағы «Виджев» клубында бастады. Ол бразилиялық «Санта-Рита» мен «Лондрина», молдовалық «Зимбру», сондай-ақ оңтүстік кореялық «Кённам» мен «Сувон» клубтарының намысын қорғады.

Бруноның соңғы клубы «Атырау» болды, ол 2019 жылдың тамызынан бері «мұнайшылар» үшін 53 матч өткізіп, 4 гол соқты, 10 нәтижелі пас берді.

26 жастағы белоруссиялық қорғаушы Павел Чикида бұған дейін тек өз отанында доп тепті. Атап айтсақ, «Смолевичи», «Крумкачи», «Днепр Могилев», «Гомель» сияқты клубтарда өнер көрсетті. Беларусь Жоғары лигасында бар болғаны 67 матч өткізіп, 5 нәтижелі пас берді, ал Бірінші лигада 141 матчқа қатысып, 3 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды. Бұған дейін Чикида «Ақсу» клубының оқу-жаттығу жиынына қатысқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×