«Мақтаарал» сапында Қазақстан құрамасының қақпашысы қаралымнан өтуде

19.01.2022, 00:29
Қақпашы қаржылық дағдарысқа байланысты шымкенттік клубтан кетті.
«Мақтаарал» сапында Қазақстан құрамасының қақпашысы қаралымнан өтуде

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Ордабасының» 23 жастағы қақпашысы Бекхан Шайзада «Мақтаарал» клубының Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

Қазақстандық қақпашы Шымкент футболының түлегі болып табылады. Мансабын «Ордабасының» жастар командасында бастады. Ал соңғы жылдары негізгі команданың бірінші нөмірлі қақпашысына айналды. Бекхан өткен маусымда шымкенттік клуб үшін 22 матчқа қатысты және Қазақстан құрамасының наурыз айындағы ойындарына және жолдастық кездесулерге шақырту алды.

Айта кетейік, «Ордабасы» қаржылық мәселеге байланысты ҚФФ сертификаттау рәсімінен өте алмай қалды, нәтижесінде, шымкенттік клуб Премьер-лиганың келесі маусымына қатыспауы ықтимал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×