«Мақтаарал» сегіз ойыншымен келісім-шартты ұзартты

02.03.2022, 20:38
Ферапонтов жергілікті футболшыларға да сенім артпақ.
«Мақтаарал» сегіз ойыншымен келісім-шартты ұзартты

«Мақтаарал» футбол клубы үшін аянбай тер төгіп, команданы Премьер-лигаға алып шыққан ойыншыларға бас бапкер Андрей Ферапонтов әрі қарай да сенім арта бермек.

Атакенттік клуб Диёр Арипов, Едіге Оралбай, Бекнұр Рұсқұл, Мейрамбек Серікбай, Драман Коне, Владимир Седельников, Сұлтанбек Дүйсешев және Ерболат Рүстемовтермен келісім-шарт мерзімін ұзартты.

Аталған футболшылар бірнеше күннен кейін басталатын Премьер-лига ойындарына қатысатын болады.

Сондай-ақ команданың Шымкенттегі жаттығу жиынына былтыр «Ақтөбеде» доп тепкен 25 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Рифат Нұрмұғамет қатысуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×