«Мақтаарал» «Тобыл» жастарын ірі есеппен ұтты

25.07.2022, 01:57
Қостанайлық клубтың негізгі құрамдағы ойыншылары бүгін Гибралтарға аттанды.
«Мақтаарал» «Тобыл» жастарын ірі есеппен ұтты

«Тобыл» Қазақстан кубогінің үшінші турында «Мақтааралды» қабылдады. Матч Қостанайдағы Орталық стадионда өтіп, 1:4 есебімен аяқталды.

Атакенттік клуб сапында Руслан Юденков, Бекнур Рысқұл, Рамазан Кәрімов, Ғалымжан Кенжебек мергендігімен көзге түсті. Ал алаң иелерінің жұбаныш голын Бекзат Ермекбаев соқты.

Бұл жеңістен кейін Андрей Ферапонтовтың командасы 6 ұпаймен екінші орынға көтерілді. 3 ұпайы бар қостанайлық клуб олардан бір саты төмен тұр.

«Тобыл» – «Мақтаарал» – 1:4

«Тобыл»: Тимур Акмурзин (қ) – Роман Асранқұлов, Данияр Семченков (к), Вячеслав Күлпейісов, Марат Алпысбаев – Дмитрий Панов, Нұрбек Байжанов, Чиди Осучукву – Бекзат Жапаров, Бекзат Ермекбаев, Әли Ахмет;

«Мақтаарал»: Сергей Литовченко (қ) – Артём Розгонюк, Руслан Юденков (к), Егор Потапов, Диёржон Арипов – Расамбек Ахматов, Одилжон Абдурахманов, Биллал Себаихи – Алекс Бруно, Бекнұр Рысқұл, Рамазан Кәрімов;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×