"Мақтаарал" Қазақстан Кубогінің төртінші турында "Тобылды" ірі есеппен жеңді. Атакенттегі Алпамыс батыр стадионында өткен матч 4:0 есебімен аяқталды.
Қостанайлық клуб бұл ойынға тек жас ойыншыларды алып келді. Кездесудің 31-минутында Драмане Коне айып алаңның сыртынан алыс бұрышты дәл көздеп, есеп ашты. 51-минутта қақпашының қателігін пайдаланған Евгений Левин есепті еселеді. Ойынның аяқталуына үш минут қалғанда Едіге Оралбай көзге түсті. Ал 91-минутта Сұлтанбек Дүйсешов матчтың нүктесін қойды.
"Тобылды" қатарынан екінші матчта жеңген "Мақтаарал" 7 ұпаймен В тобында екінші орынға көтерілді. Ал Александр Москаленко шәкірттері 6 ұпаймен бір саты төменде тұр.
Біздің серіктес: FONBET