«Мақтаарал» футбол клубы жақын арада украиналық футболшы Артур Западнямен келісім-шартқа отырмақ, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Дереккөздің хабарлауынша, қорғаушы клубтың оқу-жаттығу жиынына қатысуда.
31 жастағы футболшы тек өз отанында, дәлірек айтсақ, «Десна», «Волынь», «Львов», «Верес», «Сумы», «Ворскла», «Ильичевец» командаларында ойнады. Ал соңғы кездері «Металлист» сапында өнер көрсетті. Артур 2009-2011 жылдар аралығында Украина жастар құрамасы сапында бес кездесу өткізген.
Біздің серіктес: FONBET