Өткен жылы "Шахтёрмен" бірге атой салған атышулы бапкер — Константин Горовенко "Мақтаарал" футбол клубына бас бапкер болып келді!
"Константин Горовенко футболшы ретінде Алматылық бірнеше клубтың намысын абыроймен қорғады. Ұлттық құрама сапында да жақсы өнер көрсете білді. Өзінің бапкерлік мансабын, өзі ойнап кеткен "Сұңқар" командасынан бастаған. Қайраттың жастар академиясымен де жақсы жұмыс жасай білді. Талдықорғанның "Жетісу Б" клубымен тәп-тәуір ойын көрсетті. 2020 жылы Қарағандының "Шахтёрін" Еурокубок ойындарына алып шықты!
Көргені мен түйгені көп бапкер "Мақтаарал" клубымен келісім-шартқа отырды. Горовенко мақташыларды "Ақсумен" болатын 8-тур ойынында алаңға алып шығады.
Бапкерлер құрамын толықтырған тағы бір маман — Павел Валерьевич Евтеев! Көрсетілген бапкерлік құрам "Мақтааралды" биікке шығару үшін барын салатынын айтты", - делінген хабарламада.
Біздің серіктес: FONBET