«Мақтаарал» жаңа логотипін ұсынды

18.01.2022, 00:07
Логотип ақ және жасыл түстің негізінде жасалған.
«Мақтаарал» жаңа логотипін ұсынды

«Мақтаарал» футбол клубы ресми түрде жаңа логотипін ұсынды.

Эмблеманың ортасындағы «М» әрпі команданың атауын білдіреді. Ал әріптің үстіндегі мақта команданың шыққан өңірі Мақтаарал ауданын Республикамызға танытқан «ақ алтынның» бейнесі. Төменде команданың құрылған жылы (2011) жазылған.

Логотип жасыл және ақ түске лайықталып жасалған. «MAQTAARAL» латын әліпбиінде, арнайы штрихтарымен технологиялық стильде жасалған. 

Өткен жылы «Мақтаарал» Бірінші лигада екінші орынға ие болып, Премьер-лигаға жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×