«Мақтааралды» жаттықтыратын бапкердің есімі белгілі болды

21.12.2021, 21:25
Премьер-лигаға жолдама алған түркістандық клуб қазақстандық маманға сенім артпақ.
«Мақтааралды» жаттықтыратын бапкердің есімі белгілі болды

Қазақстандық маман Андрей Ферапонтов «Мақтаарал» клубының бас бапкері атанды. Бұл туралы СпортРадар.kz телеграм арнасы хабарлады.

Ферапонтов жоғары дивизионда алғаш рет бас бапкер ретінде жұмыс істемек. Осы уақытқа дейін 45 жастағы маман бапкердің көмекші болып, нақты айтсақ, соңғы екі жылда Александр Седневпен бірге белорусиялық «Рухта», одан кейін шымкенттік «Ордабасы» командасында еңбек етті. Одан бөлек, осы жылы Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетовке көмектесіп жүрді.

«Мақтаарал» өткен маусымды бас бапкер Вахид Масудовтың жетекшілігімен бастаған еді. Отандық футбол ардагері маусым ортасында «Ақтөбеге» аттанды. Ал оның орнын басқан Константин Горовенко жақында ғана «Атыраумен» келісім-шарт жасасты.

Бірінші лигада күміс жүлдеге ие болған «Мақтааралдың» келесі жылы Премьер-лигада ойнайтынын айта кетейік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×