«Мақтарал» мен «Ордабасы» Қазақстан чемпионатына қатысуға рұқсат алды

03.03.2022, 18:07
Алғашқы турда қос команда өзара кездесіп, үш ұпайды сарапқа салады.
«Мақтарал» мен «Ордабасы» Қазақстан чемпионатына қатысуға рұқсат алды

Қазақстан футбол федерациясының Сертификация бойынша комиссиясы 2 наурызда кезекті отырысын өткізді.

Жиында 2022 жылдың 9 ақпанындағы комиссия шешімінің міндетті талаптарын орындаған «Мақтарал» мен «Ордабасы» футбол клубтарына Olimpbet-Қазақстан чемпионаты мен Olimpbet-Қазақстан Кубогіне қатысуға рұқсат берілді. Сонымен қатар комиссия шешімінде футбол клубтарынан өзге ескертулерді де орындауды талап етілген.

Айта кетейік, Премьер-лиганың алғашқы турында қос команда өзара мықтыны анықтайтын болады. Матч 5 наурыз күні Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×