«Мақтарал» Тәжікстан құрамасының шабуылшысын қатарға қоспақ

26.02.2022, 18:17
Қазіргі уақытта ойыншы еркін агент болып табылады.
«Мақтарал» Тәжікстан құрамасының шабуылшысын қатарға қоспақ

Тәжікстан құрамасының 22 жастағы шабуылшысы Шериддин Бобоев жақын арада «Мақтаарал» клубына ауысады, деп хабарлайды Sports басылымы.

Қазіргі уақытта ойыншы еркін агент болып табылады. Transfermarkt порталы оның құнын 275 000 еуроға бағалауда.

Шериддин Бобоев - «Баркчи» клубының түлегі. 2018 жылдың қаңтарында оны «Истиклол» 150 мың еуроға сатып алған. Шабуылшы аталмыш командада үш жыл ойнап, 30 ойында 11 гол соқты.

Бобоевтың соңғы клубы малайзиялық «Пенанг» болды (22 матч, 6 гол, 4 нәтижелі пас).

Тәжікстан құрамасы сапында шабуылшы 22 матч өткізіп, 2 гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×