Марадона не үшін 100 миллион доллардан бас тартты?

80-ші жылдары Диего Марадонаны барлығы білетін. Бірақ бұған таңғалудың қажеті жоқ. Аргентина құрамасы 1986 жылғы әлем біріншілігінде топ жарды.
Марадона не үшін 100 миллион доллардан бас тартты?

Патриотизм ақшадан артық

Ал Диего турнирдің үзік футболшысы атанды. Ол финалда Англия құрамасына керемет екі доп ұрды. Алдымен сұрмерген «қолмен» гол ұрса, кейін қарсыластың алты бірдей ойыншысын шыр айналдырып, бос қақпаға екінші голды соқты. Аргентиналық шабуылшы «Наполи» сапында да жасындай жарқылдады. 1987 жылы «скудеттоны» жеңіп, 1989 жылы УЕФА кубогін төбесіне көтерді.

Сол уақытта егер аргентиналық «Алтын допқа» үміткерлер қатарында болса, міндетті түрде жеңетін еді. Алайда, 1995 жылға дейін бұл сыйлық еуропалық емес футболшыларға берілмейтін еді.

1989 жылы америкалық International Management Group (IMG) агенттігі арнайы зерттеу жүргізіп, Диегоның әлемдегі ең танымал тұлға екенін анықтады. Марадонаның кім екенін тіпті АҚШ азаматтары да білді. Себебі, әлем чемпионатына дейін шабуылшы өнер көрсететін «Архентинос Хуниорс» құрама штаттарына келіп, бірнеше турнирлерге қатысқан.

Дәл сол жылы IMG өкілдері Марадонаға 1994 жылы АҚШ жерінде әлем чемпионатының амбадасоры болу үшін ұсыныс жасайды. Футболшының медиа-құқықтарын пайдалану үшін агенттік 100 миллион доллар беруге дайын тұғын. Одан бөлек, аргентиналық шабуылшы әрбір роликтен қосымша сыйақы алуға болатын еді.

Бірақ келісімшартта Марадонаның көңілінен шықпаған бір жәйт болды. Аргентиналық ойыншы АҚШ азаматтығын алуы керек болған. IMG басшылары Америка азаматы түскен жарнаманың табысы көп болатынына сенімді болған. АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджер футболшының өзіне жеке қоңырау шалып, салық алдындағы міндеттен босатылатынын айтқан. Дегенмен Диего келісім бермей, 100 миллион доллардан бас тарқан.

«Олар мені Америка азаматтығын алуды сұрады. Америкалық болуды! Иә, маған өте көп ақша ұсынды. Бірақ азаматтық, аргентиналық болуға ешнәрсе тең келмейді», - деді Диего автобиографиясында.

Негізі Марадона сол кездің өзінде аз ақша тауып жүрген жоқ еді. «Наполимен» жасаған жаңа келісімшарты бойынша жалақысы 5 миллион доллар болатын. Оның үстінен жарнама үшін тағы 2,5 миллион доллар бар. Марадона RAI телеарнасында футбол бағдарларымын жүргізіп, ол үшін 3 миллион доллар алатын. Шабуылшының киімдерін шығаратын жапониялық «Хиточи» компаниясымен 3 миллион долларға шартнамаға қол қойған. Сонымен қатар оның «Макдоналдс» және сыра шығаратын компанияларымен контрактісі болған.

«Біз сериял, телебағдарламалар шығардық. Оқушылар үшін түрлі сыйлықтар жасадық. Жалпы бәрін істедік. Бұл кезде менің ақшаға қатысты мүлде проблемам болмады», - деді сол кезде Марадона.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×