Марадонаның адвокаты: «Диегоның денесімен суретке түскен қызметкерлер қатаң түрде жазаланады»

28.11.2020, 18:20
Әлеуметтік желілерде үш адамның аңыздың өлі денесімен түскен суреті пайда бооған еді.
Марадонаның адвокаты: «Диегоның денесімен суретке түскен қызметкерлер қатаң түрде жазаланады»

Аты аңызға айналған аргентиналық шабуылшы Диего Марадонаның адвокаты Матиа Морла футболшының денесімен суретке түскен мәйітхананың қызметкерлері өз әрекеті үшін жазаланады деп уәде берді. Бұған дейін футболшының денесін жерлеуге дайындаған үш қызметкер ашық табытпен суретке түскені белгілі болған еді. Суреттер кейінірек әлеуметтік желілерде пайда болды.

«Олар шектен шыққан бұзақылық әрекеті үшін кінәлі. Олардың бұл әрекеті қымбатқа түседі», - деп келтіреді La Gazzetta dello Sport Морланың сөзін.

Аргентиналық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Марадонаның денесімен суретке түскен қызметкерлер жұмыстан шығарылған. Бұл кезде олардың бірі жергілікті радиостанцияға сұхбат берді. Ол өзіне өлім қаупі төніп тұрғанын мойындады.

Марадонаның өлімі 25 қарашада белгілі болды. Ол өз үйінде 60 жасында жүрегі тоқтап қалғандықтан қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×