«Астананың» қорғаушысы Марат Быстров Конференциялар Лигасының негізгі кезеңіндегі үшінші тур аясында өтетін «Пафосқа» қарсы ойын туралы пікірін ортаға салды.
«Ұзақ жол жүрдік, тұтастай бір тәулік десе де болады. Бірақ жаттығып үлгердік және қазір бар ойымыз ойын туралы болуда. Өзімізді жақсы қырынан көрсетсек дейміз. Біздің жанкүйерлер мен бүкіл Қазақстанның қолдауына үміт артамыз. Әрине, өткен ойынды зерттеп, қай жерден қате жібергенімізді білдік және «Пафосқа» қарсы кездесуге дайынбыз. Бізге қорғаныс шебінде қатаңдау ойнап алдыда батыл болу керек. Алаңда барымызды көрсету үшін аянып қалмаймыз», - деді елордалық клубтың қорғаушысы.
«Астана» Конференциялар Лигасының негізгі кезеңінде өткізген екі турдан кейн үш ұпай олжалады. Бірінші турда сербияның «ТСЦ» футбол клубын қабылдап, 1:0-мен жеңген. Ал одан кейін сырт алаңда Уэльсте «Нью-Сейнтстен» ұтылды (2:0).
Біздің серіктес: FONBET