Марат Быстров мансабын шымкенттік “Ордабасыда” жалғастыруы мүмкін

33 жастағы футболшы елордалық “Астана” сапынан кететін болыпты.

Марат Быстров мансабын шымкенттік “Ордабасыда” жалғастыруы мүмкін

Осы маусымда Быстровқа ойын минуттары “Астана” тарапынан ұсынылмады. Бапкер Бабаян Мараттың позициясында легионерлердің өнер көрсеткенін құп санады. Соның кесірінен ел құрамасының футболшысы осы маусымда небәрі 6 ойын өткізді. Бұл кәсіби аяқдопшы үшін мүлдем аз.

Осы жағдайдан кейін қорғаушы 2019/20 жылғы маусымда өнер көрсеткен “Ордабасыға” қайтып оралуы мүмкін. Қазірде Быстров ешқандай агенттің қарамағында емес. Сол себептен, егде жастағы қорғаушыны қайтарып алу Шымкент ұжымына еш қиындық соқпайды.

Жалпы өз мансабында тек бір ғана трофей жеңген Марат “Челябинск”, “Тамбов”, “Тобыл” және “Ахмат” клубтарында өнер көрсетті. 

Ел құрамасында 2019 жылы дебют жасаған футболшы халықаралық турнирлерде 36 матч өткізді. 

Дереккөз: Тотальный футбол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Астана
Aladop Youtube
×