Марат Еслямов “Ертістен” кетіп, орнын кім басатыны белгілі болды

18.08.2026, 18:28

Павлодарлық "Ертіс" бас бапкері Марат Еслямов жұмысынан босатылды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Марат Еслямов “Ертістен” кетіп, орнын кім басатыны белгілі болды

Бұл шешім команданың Қазақстан Премьер лигасындағы сәтсіздігімен байланысты, себебі қазіргі уақытта клуб турнирлік кестеде соңғы орында келеді.

Осы маусымда "Ертісте" бапкерлердің жиі ауысуы орын алуда. Марат Еслямовқа дейін бұл қызметті Кирилл Альшевский мен Нұрбол Жұмасқалиев атқарған болатын. Енді клуб биылғы маусымдағы төртінші бапкерін шақыруға мәжбүр.

Елдар Аманбаевтың мәліметінше, Павлодарлық клубтың басшылығы жаңа маманды анықтап қойған. Болжам бойынша, жаңа бас бапкер Қазақстандық маман болады және ол өз жұмысына 21 тамыздан бастап кіріседі. Қазірше клубты нақты кімнің тізгіндейтіні белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×