Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Qazsport телеарнасына сұхбат беріп, төрешілер мәселесін көтерді.
- Төрешілік – елімізде жабық және өте нәзік сала. Футболдағы жайттарға қарап, елімізде төрешілік жүйесі дағдарыста екендігі белгілі болды. Осы мақсатта Төрелік және инспекция департаментінің директоры қызметіне португалиялық маман Нуну Алешандре Паррейра де Каштруды шақырдық. Ол бұл жолға 20 жыл бұрын келген. Тәжірибелі маман. Бірге реформа жасауға кірістік. Бірінші кезекте төрешілердің біліктілігін арттыруға қатысты семинар өткіздік. Бұрын бұндай болмаған. Сондай-ақ, қазылардың жалақысын жоғарлаттық және жол шығынын көтеруді мойынымызға алдық. Одан бөлек, Қазақстан Премьер-лигасының әр турының басталуына бір күн қалғанда ғана төрешілердің есімін шығардық. Биылға дейін төрешілердің ұшағы, қонақ үйі, күтіп алу клубтың міндетінде болып келді. Енді бұл міндеттері Қазақстан футбол федерациясына көшті. Осылайша, клубтар мен төрешілердің өзара сөй байласпауына ықпал еттік” – деді Марат Омаров.