Марат Шахметов "Ертіспен" бірге ОЖЖ-ға аттанады

08.01.2015, 00:48
Марат Шахметов "Ертіспен" бірге ОЖЖ-ға аттанады
Жартылай қорғаушы Марат Шахметов павлодарлық "Ертіспен" бірге ОЖЖ-ға аттанады. Алматы футбол мектебінiң түлегi былтырғы маусымды "Атырау" сапында аяқтады. Бұған дейін 25-жасар футболшы спорттық мансабында "Алма-Ата" және "Астана" клубтарында ойнады. Бірнеше мәрте Қазақстан құрамасына шақырту алды. Ұлттық құрама жейдесін алғаш рет 2011 жылдың 10 тамызында Сирияға қарсы жолдастық кездесуде кидi. Марат Шахметов екі мәрте Қазақстан Кубогының иесі (2010, 2012),Суперкубок жеңімпазы (2011), ел чемпионатының күміс жүлдегерi (2009). 2011 жылы "Астана" жанкүйерлері команданың үздік жартылай қорғаушысы деп таныды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×