Марат Шахметов – «Тобыл» - «Локомотив» матчының үздік ойыншысы

20.05.2011, 17:37
Марат Шахметов – «Тобыл» - «Локомотив» матчының үздік ойыншысы

«Локомотив» футбол клубының арнайы сайтында «Локомотив» құрамындағы «Тобылмен» матчтағы үздік ойыншыны анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Бұл матчтың қорытындысы 1:0 есебімен астаналықтардың пайдасына шешілгенін еске саламыз. Матчтағы жалғыз және жеңіс голының авторы жартылай қорғаушы Марат Шахметов сауалнама қорытындысы бойынша кездесудің үздік ойыншысы деп танылды. Гол соғар сәтінде Марат допты әдемі қабылдап алып, қорғаушыны алдап өтіп, қақпа бұрышына дәл бағыттай білді. Екінші орынды қатарынан үш матч бойы қақпасына доп дарытпаған «Локомотив» голкипері Ненад Эрич алды. мықтылар үздігін команда капитаны Нұрбол Жұмасқалиев толықтырды. Өзінің бұрынғы клубына қарсы ойында Нұрбол ерекше көзге түспеді, дегенмен сәтті комбинацияға үлесін қосты. Оның жақсы ойластырылған пасынан соң, Марат Шахметов қақпаның осал тұсын таба алды. Төртінші орын тағы бір жартылай қорғаушы - Ұлан Қонысбаевта. Улан ұзақ уақыттық үзілістен соң, старттық құрамға шығып, оған артылған жауапкершілікті толығымен ақтады деуге болады. Қазақстан құрамасының 22 жастағы футболшысы соққы жасайтын позицияға бірнеше рет шыға алды, бірақ ерекше нәтиже де болмады. Біздің рейтингте бесінші орынды екі қорғаушы бөлісті: Михаил Рожков және Зауырбек Плиев. Екі футболшы да өздерінің тікелей міндеткерлігін үздік орындағанымен қоймай, қарсыластың айып алаңында қауіп төндірген «Локомотивтің» шабуылдарына да араласып отырды. "Тобыл" – "Локомотив" матчының үздік ойыншысы 1. Марат Шахметов 17.47% (83 дауыс) 2. Ненад Эрич 16.42% (78 дауыс) 3. Нұрбол Жұмасқалиев 16% (76 дауыс) 4. Ұлан Қонысбаев 15.16% ( 72 дауыс) 5. Михаил Рожков 14.95% (71 дауыс) 6. Заурбек Плиев 14.95% (71 дауыс)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×