Marca сарапшысы: “Қалмұрзаның “Реалға” қарсы ойынына күмән болмау керек”

22.09.2025, 16:00

Испаниялық Marca басылымының журналисті Давид Руис ASnews.kz сайтына берген сұхбатында “Қайраттың” 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның Мадридтік “Реалға” қарсы алаңға шығу мүмкіндігін бағалады.

Marca сарапшысы: “Қалмұрзаның “Реалға” қарсы ойынына күмән болмау керек”

“Егер Қалмұрза негізгі құрамнан орын алса, бұл ешқандай сенсация да, төтенше жағдай да болмайды. Мысалы, осы турнирде 19 жасар Лерой Сане де гол соққан. Ал жас Икер Касильяс 2002 жылы Глазгодағы финалда қақпаға тұрған. Тағы бір мысал Месут Өзил, ол да “Шалькенің” түлегі ретінде “Местальяда” тамаша ойынымен Мадридтік клубтың назарын аударған. Ол кезде Месуттың жасы дәл Шерханмен шамалас еді. Сондықтан ешқандай қауіп жоқ, бәрі қалыпты.” – деді Руис.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×