«Ордабасының» 29 жастағы қорғаушысы Мардан Төлебек Қазақстан чемпионатында Шымкенттік команда үшін ең көп ойын өткізген ойыншылардың үздік жетілігіне енді
Қазақстан чемпионатында Мардан Төлебек алғашқы ойынын 2010 жылдың 11 қыркүйегінде Талдықорғанда жергілікті Жетісуға қарсы өткізді (2-0), ол 89-минутта Вагнердің орнына шыққан болатын. Бұл маусым Марданның Шымкенттік командадағы 11-ші маусымы. Бүгінгі күнге дейін ол 147 матч өткізіп, 10 гол соқты.
«Ордабасы» үшін 1999-2020 жылдары Премьер-лигада ең көп матч өткізген ойыншылар:
1. Мұхтар Мұхтаров - 211 матч;
2. Азат Нұрғалиев - 204;
3. Қайрат Әшірбеков - 202;
4. Бекзат Бейсенов - 181;
5. Сергей Козюлин - 166;
6. Абдуллай Диакате - 155;
7. Мардан Төлебек - 147.
Біздің серіктес: FONBET