"Ордабасы" футбол клубының қорғаушысы Мардан Төлебек шымкенттік командамен қош айтысты. Футболшы "Ордабасының" Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынынан тыс қалды.
Жақын арада Төлебек "Тұран" командасына қосылуы мүмкін. Дәл қазіргі сәтте Мардан түркістандық клубтың оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Айта кетейік, "Тұран" алдағы маусымда Премьер-лигада өнер көрсетеді.
Мардан "Ордабасы" клубында 13 жыл бойы өнер көрсетті. Шымкенттік клуб сапында 152 матч өткізіп, 10 гол соқты. Және клуб сапында ең көп матч өткізген жетінші ойыншы атанды. Оның Қазақстан жастар құрамасында өткізген 6 матчы бар.
Біздің серіктес: FONBET