Мардан ТӨЛЕБЕК: Жарақатымды естіп, хабарласқандарға рахмет

14.03.2012, 23:22
Мардан ТӨЛЕБЕК: Жарақатымды естіп, хабарласқандарға рахмет

 

Биылғы маусымның тұсауы кесілгеніне де көп уақыт болған жоқ. Алғашқы тур ойындары өтісімен жарақат алып, істен шығып жатқан ойыншылар да баршылық екен. Соның бірі "Ордабасы" командасының жас жартылай қорғаушысы Мардан Төлебек. Жаттығу жұмыстарының кезінде жарақат алған Марданға бірден хабарласып, мән жайды анықтаған едік.

- "Аладоп.кз" сайтына сенің жарақат алғаның туралы ақпарат келіп түсті. Бұл жағдайға байланысты өз пікіріңді айта кетсең.  

- Жағдайымды сұрап жатқаныңызға рахмет.  13 наурыз күнгі жаттығу кезінде мен әріптестеріммен доп теуіп жүрген болатынмн. Сол кезде байқаусызда аяғым тайып кеті. Менің жылдам бұрыла қалға сәтімде аяғымның майыса кеткенін бірден байқадым. Сосын клуб дәрігерлері аяғымның сынғаны туралы айтқанда жүрегім қыслып, талып қала жаздадым. Өйткені 2009 жылы дәл осылай оң аяғым сынған болатын.

- Қазір саған хабарласып, көмек көрсетіп жатқандар бар шығар.  

-Иә, команда капитаны үнемі қасымда болып, телефон шалып өзінің рухани көмегін жасап жатыр. Командадағы өзге де жігіттерге рахметімді айтқым келеді. Барлығы хабарласып, жағдай сұрап жатыр. Сондай-ақ, бас бапкер Виктор Василиұлы мен команданың спорттық директоры Бағлан енжебаевқа рахметімді айтқым келеді. Бұл кісілер мені ауыр жағдайда қолдағандардың бірі.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×