"Астана" клубының шабуылшысы Марин Томасов Қазақстан Суперкубогінің жартылай финалында "Шахтермен" болған ойында (2:0) елордалық команда сапындағы 50-ші нәтижелі пасын берді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Бірінші таймда Томасов Жарко Томашевичтің көзге түсуіне мүмкіндік жасады. Бұл Томасовтың "Астана" жейдесіндегі 50-ші голдық пасы болды. Қазіргі уақытта Марин клуб тарихында бұл көрсеткіш бойынша екінші орында тұр, алғашқы орында тұрған Фокси Кетевоама 51 нәтижелі пастың авторы атанған.
Біздің серіктес: FONBET