Марин Томасов - «Астана» тарихындағы ең үздік сұрмерген

24.06.2021, 21:57
Марин «Атырауға» қарсы өткен матчта Патрик Твумасидің рекордын жаңартты.
Марин Томасов - «Астана» тарихындағы ең үздік сұрмерген

"Астананың" 33 жастағы хорватиялық жартылай қорғаушысы Марин Томасов "Атырауға" қарсы 16-тур матчында (2:0) дубль жасап, елордалық команданың Премьер-лигадағы үздік сұрмергені атанды.

"Атырау" қақпасына соғылған екінші гол хорватиялық жартылай қорғаушы үшін Қазақстан Премьер-лигасындағы 50-ші голы болды. Томасов өзінің алғашқы голын 2017 жылдың 9 қыркүйегінде дәл осы "Атырау" қақпасына соққан еді. Бір қызығы Марин сол кезде де дубль авторы атанған еді.

Бүгінге дейін Томасов Қазақстан Премьер-лигасында «Астана» үшін 104 матч өткізіп, 50 гол соқты.

Премьер-лигадағы "Астананың" үздік сұрмергендері:

1. Марин Томасов - 50 гол (104 матч);

2. Патрик Твумаси - 48 гол (123 матч);

3. Таңат Нөсербаев - 46 гол (151 матч);

4. Жуниор Кабананга - 31 гол (77 матч);

5. Фокси Кетевоама - 26 гол (109 матч);

6. Роман Мұртазаев - 25 гол (109 матч).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×