Хорват легионері Премьер-Лиганың 22 матчында 22 нәтижелі әрекет тіркеген.
Марин біріншіліктің 22 матчында 11 гол мен 11 голдық пас беріп, әзірге Премьердің ең нәтижелі ойыншысы атанып отыр.
Хорват осы маусымда “Жетісу” (3х), “Қайрат”, “Тұран” (2х), “Атырау”, “Оқжетпес”, “Қайсар” және “Тобыл” (2х) клубтарының қақпасынан саңылау тапты.
Томасов гол соғып қана қоймай, командаластарына нәтижелі паста береді. Сөзімізге дәлел, ойыншы “Қызылжар” (2х), “Ордабасы”, “Жеңіс” (3х), “Оқжетпес” (3х), “Ақтөбе” және “Жетісу” клубтарымен болған кездесуде басқа футболшылардың гол соғуына мүмкіндік жасап берді.
Жасы 40-қа таяп қалған шабуылшының “Астана” ұжымындағы келісім шарты 2025 жылдың 31 қаңтар айында аяқталады.