Марин Томасов маусымның үздік сұрмергені атанды

03.12.2021, 16:14
Шабуылшы Евстафий Пехлеваниди атындағы жүлденің иегері атанды
Марин Томасов маусымның үздік сұрмергені атанды

2021 жылғы маусымнан бастап Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы КСРО құрамына шақыртылған атақты қазақстандық шабуылшы Евстафий Пехлеванидидің есімімен аталатын сыйлықты чемпионаттың үздік сұрмергеніне беру туралы шешім қабылдады. 

2021 жылғы ел чемпионатында 17 гол соққан «Астана» командасының жартылай қорғаушысы Марин Томасов Пехлеваниди атындағы сыйлықтың алғашқы иегері атанды. 

Үздік үштікке «Қайрат» командасының қазақстандың шабуылшысы Артур Шушеначев (12 гол) және маусым барысында «Ақтөбе» мен «Тобыл» командалары үшін 10 гол соққан Игорь Сергеев кірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×