Марио Манджукич “Миланға” ауысты

19.01.2021, 22:04
Ресми түрде “Миланның” ойыншысы атанды.
Марио Манджукич “Миланға” ауысты

“Милан” футбол клубы ресми сайтында хорватиялық ойыншы Марио Манджукичтің клуб сапына қосылғанын хабарлады.

Қос тарап маусым соңына дейін және тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар келісімшартқа қол қойды. Марио “россонери” намысын тоғызыншы нөмірлі жейдемен қорғайтын болады.

34 жасар шабуылшының соңғы клубы катарлық “Әл-Духаиль” командасы. Ол жақта жеті ойынға қатысып, бір гол соққан. Одан бөлек “Бавария”, “Атлетико Мадрид” һәм “Ювентус” сынды белді клубтарда өнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×