
Марк-Андре тер Штеген жарақатынан айығып, командамен бірге жаттығулардың алғашқы бөліктеріне қатысуда. Алайда, ол әлі толық дайын емес, бірақ алаңға оралуға жақын.
Марк-Андре тер Штеген 2024 жылдың қыркүйегінде "Вильярреалға” қарсы матчта тізе жарақатын алып, сол себепті ұзақ уақыт бойы алаңнан тыс қалған болатын.
Оның жоқтығына байланысты, "Барселона" клубы тәжірибелі қақпашы Войцех Щенснымен келісімшартқа отырып, оны еркін агент ретінде командаға қосған.
УЕФА ережелеріне сәйкес, "Барселона” Чемпиондар Лигасында бір ғана қақпашыны тіркей алады, сондықтан тер Штегенді қайта тіркеу үшін Щенсныны тізімнен шығару қажет болады. Бұл жағдайда бас бапкер Ханс Флик осы екі қақпашының бірін таңдауы керек.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET