Марк-Андре тер Штегенді 3 клуб сатып алуға дайын

28.12.2019, 23:53
Марк-Андре тер Штегенді 3 клуб сатып алуға дайын

Агентіне сенсек, Германия құрамасының ойыншысына бірнеше тиімді ұсыныс түсіпті.

Mundo Deportivo басылымының мәліметінше, "Барселона" қақпашысы Марк-Андре тер Штегенді Еуропаның 3 ұжымы сатып алудан дәмелі. 27 жастағы футболшыны Туриннің "Ювентусі", Мюнхеннің "Бавариясы" мен "ПСЖ" өз қатарынан көргісі келеді.

Дегенмен ойыншының өзі келіп түскен ұсыныстарға қарамастан қазір өзге ұжымға ауысқысы келмейді. Сонымен қоса "блаугранамен" келісім-шарты 2022 жылдың ортасына дейін жарамды.

Биылғы маусымда тер Штеген 25 матчқа қатысып, 2 нәтижелі пас беріп үлгерген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×