Марк Гурман «Астана» ойыншысы атанды

01.03.2021, 17:50
Жаңа маусымда 5 нөмірмен өнер көрсетпек.
Марк Гурман «Астана» ойыншысы атанды

32 жастағы қазақстандық қорғаушы Марк Гурман елордалық "Астанамен" келісім-шартқа отырды.

Футболшы "Астана" сапында 5 нөмірмен өнер көрсетпек. Бір қызығы, клуб футболшымен келісім-шарт жасасқанын жарияламады. Бірақ ҚКФЛ Гурманның "Астана" клубының жаңа маусымға арналған ойыншылар тізіміне кіргенін хабарлады.

Марк Гурман мансабын израильдік клубта бастады. Қазақстан Премьер-лигасындағы дебюттік матчын 2010 жылы елордалық "Локомотив" сапында өткізді. "Қайрат" пен "Тобылда" да ойнады. Соңғы үш маусым бойы ол қызылордалық "Қайсардың" намысын қорғады. Жалпы Қазақстан Премьер-лигасында 229 матч өткізіп, 2 гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×