"Астон Вилланың” басты трансферлік нысанасы болған Марко Асенсио Түркияға бет алды. Испаниялық футболшы “Париж Сен-Жерменнен” “Фенербахчеге” тұрақты түрде ауысқалы отыр.
The Athletic дерегінше, шілде айында-ақ Түрік клубы Асенсионы алуға тырысқан, алайда ол кезде келісім жүзеге аспаған.
Асенсио 2024/25 маусымының екінші жартысын жалға алу арқылы “Астон Виллада” өткізді. Испаниялық шабуылшы 21 матчта алаңға шығып, сегіз гол соқты. Ағылшын клубы футболшымен қайтадан келісімге келгісі келген, алайда қаржылық ережелерді сақтай алмауына байланысты мәміле мүмкін болмады.
“Вилла” жазда-ақ сатып алу опциясын қолдануға ниетті болған, бірақ Премьер лиганың пайда мен тұрақтылық ережелеріне (PSR) сәйкес қаржылық еркіндігі тым шектеулі еді. Маусым айында клубтың басшылары Асенсио өкілдерімен Мадридте кездесіп, қаржының қалай бөлініп жатқанын және неге қажетті пакетті бере алмайтынын түсіндірген.
Марко Асенсио 2023 жылы “Реал Мадридтен” еркін агент ретінде "ПСЖ” қатарына қосылды. Ол Мадрид сапында сегіз жыл ойнап, үш рет Чемпиондар лигасын және бірнеше рет Ла Лига кубогын жеңіп алған. Парижде өткізген екі маусымында да Франция чемпиондығын иеленді.
Испания құрамасының ойыншысы ретінде ол 38 матчта алаңға шыққан, 2018 және 2022 жылғы әлем чемпиондарына қатысқан.
Биылғы жазда “Астон Вилла” тек үш футболшымен келісімшарт жасады. Эван Гессан, Марко Бизот және Ясин Озкан. Қазіргі таңда бірқатар ақпаратқа сүйенсек, клуб бұрынғы “Манчестер Юнайтед” қорғаушысы Виктор Линделефпен келіссөздерді де аяқтау алдында тұр.