Марко Асенсио мансабын Түркияда жалғастыратын болды

12.07.2025, 15:00

"ПСЖ” жартылай қорғаушысы Марко Асенсио  “Фенербахче” клубымен келісімге келді. Испаниялық футболшы алдағы күндері медициналық тексерістен өтеді деп күтілуде.

Марко Асенсио мансабын Түркияда жалғастыратын болды

“ПСЖ” да ойыншының өзі де Түрік клубының қаржылық ұсынысына риза. Бұған дейін Асенсиоға Италияның вице-чемпионы “Интер Милан" қызығушылық танытқан болатын, алайда Миландық клуб кейін бұл трансферден бас тартты.

Өткен маусымның екінші жартысында Марко Асенсио “Астон Вилла” сапында жалға ойнаған.

“Реал Мадридтің” бұрыңғы ойыншысы 29 жасар Асенсио Ағылшын Премьер лигасында 13 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×