Марко Асенсио жазда командасын ауыстырмақ

11.04.2022, 22:47
Футболшыға қос клуб қызығушылық танытуда.
Марко Асенсио жазда командасын ауыстырмақ

Туриндік «Ювентус» «Реал Мадридтің» шабуылшысы Марко Асенсионы жазда клубтан кететін Пауло Дибаланың орнына басты үміткер ретінде қарастыруда, деп хабарлайды Fichajes порталы.

Мадридтік клуб футболшының трансфері үшін 30 миллион еуро алғысы келеді. Испаниялық шабуылшыға лондондық «Арсенал» да қызығушылық танытуда.

26 жастағы Асенсио ағымдағы маусымда «Реал Мадрид» үшін 33 матч өткізіп, 10 гол соқты, бір нәтижелі пас берді. Футболшының мадридтік клубпен келісім-шарты 2023 жылы аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×