Марко Ройс «Боруссия» клубының рекордын жаңартты

25.11.2021, 15:00
Неміс футболшысы Лукаш Пищектің рекордын жаңартты.
Марко Ройс «Боруссия» клубының рекордын жаңартты

«Боруссия Дортмундтың» жартылай қорғаушысы Марко Ройс «Спортингпен» болған ойында Чемпиондар лигасындағы 55-ші кездесуін өткізді. Бұл дортмундтық клубтың рекорды болып табылады.

Бұған дейін Ройс Чемпиондар лигасында «Боруссия» үшін 54 ойын өткізген Лукаш Пищекпен бір қатарда тұрған еді.

«Спортинг» пен «Боруссия» арасындағы ойын «Жозе Алваладе» стадионында өтіп, 3:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Төрт турдан кейін командалардың әрқайсысында 6 ұпайдан бар және С тобының екінші және үшінші орындарында тұр. Амстердамдық «Аякс» (15) бірінші орынға шықса, түркиялық «Бешикташ» бірде-бір ұпай жинай алмай, соңғы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×