«Боруссия Дортмунд» капитаны Марко Ройс Германия Кубогында «Вердермен» болған ойында аяқ бұлшықетін ауыртып алды. Командадағы медицина қызметкерлерінің мәлімдеуінше, 30 жастағы ойыншы 4 апта алаңға шыға алмайды. Енді Ройс Чемпиондар лигасының 1/8 финалында 18 ақпанда "ПСЖмен" болатын алғашқы ойынға қатыспайды.
Жалпы футболшы биылғы маусымда Бундеслиганың 19 матчына қатысып, 11 гол соқты және 5 нәтижелі пасымен көзге түскен.
Біздің серіктес: FONBET