Марко Верратти - ПСЖ рекордсмені

19.02.2020, 15:19
Марко Верратти - ПСЖ рекордсмені

"Пари Сен-Жермен" жартылай қорғаушысы Марко Верратти түнде Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңінде "Боруссиямен" болған ойынға қатысып клуб тарихында еуро бәсекеде ең көп ойын өткізген футболшы атанды.

Бұл италиялық футболшы үшін Париж ұжымы жейдесіндегі 58-ші матч. Бұған дейінгі көрсеткіш Поль Ле Гуэнге (57 ойын) тиесілі болған.

Естеріңізге сала кетейік, Верратти ПСЖ сапына 2012 жылы қосылған еді. Клуб басшылығы ойыншы үшін "Пескара" ұжымына 12 миллион еуро төлеген. Биылғы маусымда 27 жастағы футболшы Франция чемпионатында 19 ойын өткізіп, 5 нәтижелі пс беріп үлгерген. Келісім-шарты 2024 жылға дейін жарамды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×