Марко Вучинич: Ең бастысы гол соғу

10.11.2011, 22:25
Марко Вучинич: Ең бастысы гол соғу

Жақын арада Еуро 2012-ге шығатын мүмкіндіктерін сынайтын Черногория ұлттық құрамасы Чехияға қарсы кездесулер өткізеді. Екі ойында қорытынды есеп бойынша жеңіске жетеміз деп отырған Черногрия құрамасының шабуылшысы Марко Вучинич бұл мүмкіндікті құр жіберіп алмау керек дейді.

- Мысалы сырт алаңдағы кездесуде бізге гол соғу керек. Черногрия шабуылшылары Чехия қорғанысын бұзып-жаруы ықтимал. Оған күшіміз жетеді. Сырт алаңда 1:1 есебімен ойнасақ бұл біз үшін керемет болар еді, - дейді "Ювентус" шабуылшысы.

- Біз өзіміздің потенциалымызды 100 пайызға көрсете білуіміз керек. Мұндай мүмкіндік бізге күнде беріле бермейді. Черногрия командасы финалдық кезеңге шығатын мұндай мүмкіндікке бұрын-соңды дәл осылай жақындап көрмеген болатын, - дейді Марко Вучинич.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×