«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Маркус Рэшфорд пандемия кезінде балаларға көмектескені үшін Ұлыбритания патшайымының орденімен (CBE) марапатталды, деп хабарлады Sky Sports.
2020 жылғы патшайымның туған күніне арналған марапат тізімі маусым айында жариялануы керек еді, бірақ пандемияның әсерінен аталған марапатты тағайындау кейінге шегерілді. 22 жастағы Рэшфорд Ұлыбританиядағы мұқтаж балаларды жаз бойы тамақтандыруды қамтамасыз ете отырып, пандемия кезінде мектепте тегін тамақтану саясатын жүзеге асыруға өз үлесін қосты.
Бұған дейін футболшы жағдайы жоқ азаматтар үшін 3 миллион фунт қаражат жинаған болатын. Ұлыбритания үкіметі бағдарламаны жаздың соңына дейін жалғастырды, сонымен қатар бағдарламаны кеңейту үшін қосымша 120 миллион фунт стерлинг (шамамен 134 миллион еуро) бөлді.
Біздің серіктес: FONBET