Маркус Тюрамға айыппұл салынып, 5 матчқа шеттетілді

22.12.2020, 04:25
«Боруссия» клубы да өз кезегінде футболшыға жаза қолданды.
Маркус Тюрамға айыппұл салынып, 5 матчқа шеттетілді

"Боруссия Мёнхенгладбах" клубының шабуылшысы Маркус Тюрам "Хоффенхайм" қорғаушысы Стефан Поштың бетіне түкіргені үшін ауыр жазаға тартылды.

Француз 5 матчқа, одан бөлек тағы бір матчқа шартты түрде шеттетілді. Жаза Бундеслига ойындарына да, Германия Кубогының матчтарына да қатысты болады. Сонымен қатар, Тюрам 40 мың еуро айыппұл төлейтін болады.

Бұған дейін футболшыны "Боруссия" клубы да жазалаған еді: оның бір айлық жалақысын қысқартты. Шабуылшы осы маусымда Германия чемпионатының 13 ойынында екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×